Қазақстанда заң қызметтерін іздеуге арналған жасанды интеллект арқылы жұмыс істейтін қосымша жасалды

13.01.2025, 11:45
1222
Қазақстанда заң қызметтерін іздеуге арналған жасанды интеллект арқылы жұмыс істейтін қосымша жасалды

Жылдың басында Қазақстанның мобильді нарығында онлайн заң қызметтерін іздеуге мүмкіндік беретін және заң қызметтерін көрсететін жаңа құрал – IPrav қосымшасы пайда болады. Қазақстандық мамандар әзірлеген IT-стартаптың мақсаты – тұрғылықты жеріне қарамастан еліміздің барлық азаматтарына білікті құқықтық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Қосымшаның басты ерекшелігі – машиналық оқыту принциптері бойынша жұмыс істейтін Әйтеке чат-боты.

Қазіргі уақытта виртуалды ЖИ көмекшісін «Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады», «Жол-көлік оқиғасы кезінде не істеу керек?», «Тұтынушылардың құқықтарын қалай қорғауға болады?», «Ипотекалық несиені төлемеген жағдайда не болады?», «Түрлі әкімшілік құқықбұзушылық үшін айыппұл көлемі қандай болады?», «Мұраны қалай рәсімдеуге болады?»,«Автокөлікті қалай тіркеуге болады?» деген сияқты сұрақтарға жауап беруді үйретіліп жатыр.

Қазақтың әйгілі биі Әйтекенің құрметіне аталған бұл чат-бот құқықтық жүйедегі виртуалды гид болады. 

«Біз заң қызметтерін барлық азаматтар үшін қолжетімді, жылдам және қауіпсіз етуге тырысамыз», — деді жобаның негізін қалаушы Қаныш Кенжетаев.

Қосымша пайдаланушыларға қалаған адвокатын табуға, кеңес алуға, құжаттарды дайындау бойынша көмек алуға және сотта өкілдік ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Әйтеке чат-боты тәулік бойы қолжетімді болады және пайдаланушыларға мамандарды таңдауға, заңдарды түсіндіруге және тіпті заңды құжаттардың жобаларын жасауға көмектеседі.

Болашақта заңгерлер базасының кеңеюуіне байланысты, қосымшада отбасылық және еңбек құқығынан бастап, қылмыстық істерге дейінгі заңның түрлі бағыттары қамтылады деп жоспарланып отыр.

Қосымшаны жасаушылар сапалы заңгерлік қызметтерді алуға мүмкіндіктері жоқ ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне ерекше назар аударған. «Қазақстанда 8 миллионға жуық адам ауылдық жерлерде тұрады, олардың құқықтық сауаттылығының төмендігі мен инфрақұрылымның әлсіздігі салдарынан білікті заңгерлерге қол жеткізуде қиындықтар бар», - деді Қаныш Кенжетаев. Ал ІPrav смартфон көмегімен құқықтық көмекке тең қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы бұл мәселені шешеді.

Қосымша барлық жас санаттары үшін түсінікті, қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс ұсынады. Онда шұғыл әрекет ету үшін жақын жердегі адвокатпен байланысуға мүмкіндік беретін SOS функциясы қарастырылған, бұл әсіресе шалғайдағы тұрғындар үшін өте пайдалы. Мамандардың рейтингтік жүйесі таңдаудың ашықтығын және қызмет сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Қосымшаны жасаушылар заңгерлер үшін де бірқатар артықшылықтар қарастырған. Қосымша заңгерлерге өздерінің тұтынушылар базасын кеңейтуге, кірісті арттыруға, қашықтан жұмыс істеуге және жұмыс кестесін икемді жоспарлауға мүмкіндік береді. Автоматтандыру жүйесі жүктемені және қателерді азайтады, ал рейтинг жүйесі тұтынушылардың сенімін арттырады. Заңгерлер өзекті құқықтық актілер мен білім беру ресурстарына қол жеткізу арқылы біліктілігін арттыра алады.

Қ.Кенжетаев айтқандай, қосымшаны жасаушылар тарихтан шабыт алған. «Біз Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағында белгіленген әділеттілік қағидаттарына сүйенеміз және оларды цифрлық дәуірге бейімдейміз», - дейді IPrav тең құрылтайшысы. Әйтеке өзінің тарихи прототипі сияқты әділ шешімдер табуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға көмектеседі.

ІPrav жобасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегін алу үшін кедергілерді азайтуға және құқық қолдану процестерін жеделдетуге ықпал ете отырып, Қазақстанды цифрландыру стратегиясының маңызды бөлігіне айналады. Қосымша сондай-ақ еліміздің құқықтық жүйесін жаңғыртуға, цифрландыру жөніндегі мемлекеттік бастамалармен интеграция жасауға және халыққакөрсетілетін қызметтерді жақсартуға бағытталған.

Жақын арада пайдаланушылар чат-ботты мессенджерлер арқылы тексере алады, содан кейін қосымшаның ресми тұсаукесері болады. Қосымшаны жасаушыларжүйенің функционалын пысықтау және тілдік ерекшеліктерге бейімделу үшін пайдаланушылардан кері байланыс күтеді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды